Жуырда тұрғындардың табысын арттыру жобасын жүзеге асыру үшін аудан көлеміндегі (оның ішінде ауылдық округтердің) ерекшелігін және әлеуетін, климаттық ерекшелігін ескере отырып, қандай бағыттағы кәсіптің түріне баулу тиімділігін, бағдарлама бойынша несиелендірудің басым бағыттарын  анықтау және түсіндіру бойынша аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жиналыс өтті.

Мәжіліске «Түркістан» ӘКК» АҚ инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директоры Олжас Көпбаев, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС департамент директоры Еркінжан Үмбет, «Оңтүстік» АИО» ЖШС несиелендіру департаментінің директоры Аманжол Шалбаев, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС директорының орынбасары Айтжан Нұрлыбаев, аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту бөлімінің мамандары, ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, ауданның зиялы қауым өкілдері, ауылдық округ әкімдері және агроқұрылым төрағалары мен шағын және орта бизнес өкілдері, БАҚ өкілдері  қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаров ашып, жүргізіп отырды. 

Жиында «Түркістан» ӘКК» АҚ инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директоры О.Көпбаев күн тәртібі бойынша аудан тұрғындарының оның ішінде тұрмысы төмен отбасыларды, кәсібін жаңадан бастайтын, халықтың осал топтарын табысын арттыру жобасын жүзеге асыру үшін аудан көлемінде (оның ішінде ауылдық округтерде) ерекшелігін және әлеуетін, климаттық ерекшелігін ескере отырып, қандай бағыттағы кәсіптің түрін баулу тиімділігін, бағдарлама бойынша несиелендірудің басым бағыттарын  айтып өтті. Жылдық үстемақысы 2,5 пайызбен 7 жылға бір жылдық каникулмен  7,5 млн теңгеге дейін несие қаржы ұсынылатынын, облысқа жалпы 11,0 млрд теңге қаржы бөлінгенін атап өтті. Сонымен бірге несиелік бағдарламаны тиімді әрі тез арада жүзеге асыру ауыл округі әкімдеріне байланысты екендігін жеткізді.

Сонымен қатар  «Оңтүстік» АИО» ЖШС,  «Ырыс» МҚҰ өкілдері биылғы көктемгі дала жұмыстарына қаралатын қаражат жайлы түсіндіріп өтті.

Жиын барысында шаруалар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар нақты жауаптар берді. 

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі.