2022 жылғы 18 желтоқсанда Қоссейіт ауыл округінде ауыл әкімінің сайлауы өтті.
Ауыл округіндегі 2650 сайлаушының 1427-сі сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Дауыс берген тізімде тіркелген сайлаушының 53,8 пайызын құрайды. Сайлау қорытындысы бойынша сайлаушының 1284-і «Amanat» партиясы ұсынған Жайнар Нурбол Жарылқасынұлын жақтап дауыс берді. Ол қатысқан сайлаушылардың 92,5 пайызын құрайды.
Сондай-ақ әкім болуға үміткер ретінде тіркелген Абдразахов Ерлан Ажимухановичті жақтап 47, Балатаев Жеңіс Жамантаевичті 7, Нурманов Қайсар Мырзабаевичті жақтап 6, Суттибаев Ерлан Амангельдиевичті жақтап 44 дауыс берген.
Сайлау қорытындысы бойынша Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 20.12.2022 ж. №125 шешімімен Қоссейіт ауыл округінің әкімі болып Жайнар Нурбол Жарылкасынулы тіркелді.
Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.