Өткен аптада аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы болып өтті. Мәжіліске аудан әкімі Қ.Жолдыбай, аудандық мәслихат хатшысы А.Қарсыбаев, қала, ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Сессия алдында, аудан әкімі Қайрат Жолдыбай және аудандық мәслихат хатшысы Арман Қарсыбаев «ҚР Тәуелсіздігі» мерекесіне орай, Түркістан облыстық мәслихатының Грамотасымен, аудан әкімінің Алғыс хатымен және аудандық мәслихат хатшысының Алғыс хаттарымен бір қатар азаматтарды марапаттады.

Сессияда барысында негізінен күн тәртібіндегі он бір мәселе қаралды. Атап айтқанда: 2023-2025 жылдарға арналған аудандык бюджет туралы, Шардара қаласы және Көксу, Қ.Тұрысбеков ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген қызметтер мен мiндеттердің іске асырылуы туралы есептері, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2022 жылғы қызметі туралы есебі, Шардара ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы, Алатау батыр ауылдық округі, Қазақстан және Целинный елді мекендерінің бас жоспарын бекіту туралы, Шардара аудандық мәслихатының 2011 жылғы 1 шілдедегі №44-337-Г «Шардара ауданы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы шешімі жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Шардара аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы №37-246VI «Шардара ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Шардара аудандық мәслихатының  2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы, сонымен қатар Шардара аудандық мәслихатының және оның аппаратының 2023 жылғы қызметін қамтамасыз ету шығындарының сметасы туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарлама жасаушыларға мәслихат депутаттары тарапынан сауалдар қойылып, ұсыныстар мен шешілуге тиісті мәселелер айтылды. Атқарылған жұмыстар депутаттар тарапынан талқыланып, оң баға берілді.

Сонымен қатар ауданның бюджеті мен басқа да мәслихат шешімдері бекітіліп, жоспарлар түзілді.

Мәжіліс соңында аудан әкімі Қ.Жолдыбай қорытынды сөз сөйлеп, атқарылуға тиісті жұмыстар мен күрмеулі мәселелерге тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

– Аудандағы жол жөндеу, сапалы ауыз сумен қамту, газдандыру, жұмыспен қамту, құрылыс және басқа да тұрғындардың қолайлылығы үшін жасалатын жұмыстар басты назарда болады, – деді аудан әкімі Қ.Жолдыбай. 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.