Биыл әлемнiң екiншi ұстазы атанған Әл-Фараби бабамыздың туғанына 1150 жыл, ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толады.

Аталған мерейлi даталарға орай елiмiзде түрлi шаралар қолға алы-нып отыр. Сондай шаралардың бiрi таяуда аудандық мәдениет сарайының ұйымдастыруымен болып өттi.

Аудандық мәдениет сарайының «Достық үйiнде» болып өткен жиынға аталған мекеменiң директоры А.Дөңбай, ардагер ұстаз, ақын Нұрғали Ыбырайым, газетiмiздiң бас редакторы-ның орынбасары, «Қ.Иса атындағы шығармашылық бiрлестiгiнiң» төрағасы, ақын Сәбит Лаханов және мәдениет сарайының қызметкерлерi қатысты. Жиынды жүргiзiп отырған мәдениет сарайының қызметкерi, жыршы-термешi, ақын Әбдiғаппар Айдаров келелi бас қосудың мақсаты мен мазмұнына кеңiнен тоқталып өттi. Мұнан соң С.Лаханов Әл-Фарабидiң өмiр жолына, шығармаларына шолу жасап өттi. Н.Ыбырайым ұлы Абайдың шығармаларына талдау жасап, шығар-маларының өмiршеңдiгiне тоқталды. Шара соңында жиынға жиналғандар мерейлi даталарға орай байқаулар, конкурстар ұйымдастырылса деген ұсыныс-тiлектерiн жеткiздi. 

Өз тiлшiмiзден.