Сіздерді есік қағып келе жатқан жаңа жылдарыңызбен барша шардаралық ардагерлер атынан шын жүректен құттықтаймын.

Берекесі мен мерекесі қатар ұштасқан биылғы жыл еліміз үшін жағымды жаңалықтарымен есте қалғанын атап өтуге тиіспіз. Қазақ халқы бүкілхалықтық референдум арқылы Ата заңға оң өзгерістер енгізді. Елімізде Президент сайлауы өтіп, таңдауымызды жасадық. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани бағыттағы жарқын жетістіктері жаһанға танылды. Еліміздің саяси өміріндегі сара жолын халықаралық қоғамдастық әлдеқашан мойындап үлгерді. Алдағы уақыттарда да атқарылар шаруалар да аз емес екендігі барлығымызға айқын.

Еліміздің өткен дәуіріндегі айтарлықтай ауыртпашылықтарды арқалап, бүгінгі күндердегі жарқын жетістіктерімізге кепіл болған ардақты ардагерлер қауымы үшін бұл мерекенің орны орасан. Аға буын өкілдерінің алдағы уақыттардағы атқарар қыруар тірліктері бар екендігі тағы аян.

Есік қаққан 2023 жыл жарқын жаңалықтар мен таудай табыстар сыйласын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіздік туын нық көтерген Ұлы дала елінің шаңырағы шайқалмасын, қабырғасы сөгілмесін.

Т.Бердібеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.