Тарих қойнауына еніп бара жатқан Барыс жылында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы біршама жұмыстарды жауапкершілікпен атқарып, жүзеге асырды.

2022 жылдың 5 мамырында Шардара қаласы мен Қызылқұм, Сүткент ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

5 маусымда Ата Заңымызға өзгерістер енгізу туралы бүкілхалықтық референдум өткізілді.

20 қараша күні еліміздегі ең маңызды саяси шара – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті.

18 желтоқсан күні Қоссейіт ауылдық округі әкімінің сайлауы ұйымдастырылды.

Осы шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына учаскелік сайлау комиссиясының төрағалары, хатшылары мен мүшелері зор үлес қосты. Сөз реті келіп тұрғанда сол азаматтарға алғыс айтқым келіп отыр.

Алдағы жылы Қазақстан Республикасы Сенатының, Парламент Мәжілісі, облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының сайлауы өтпек. Аталған саяси шараларды ойдағыдай өткізу үшін бар күш-жігерімізді саламыз.

Жаңа жыл қарсаңында барша жерлестерді аталған мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға бақ-береке, дендеріңізге амандық-саулық тілеймін.

Есенбай Бейсенбиев, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.