Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Шардара қаласында орналасқан 2 шағынаудан газ көзіне қосылды.
Шағынаудандарға газ беру шарасына аудан әкімі Қ.Жолдыбай, аудандық мәслихат хатшысы А.Қарсыбаев, аудандық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов және басқа да тұрғындар мен қонақтар қатысты. Шарада аудан әкімі құттықтау сөз сөйледі.
— Шардара ауданы бойынша әкімшілік құрылымына қарай 1 қала және 10 ауылдық округ бар. Оның ішінде: 10 ауылдық округте орналасқан 25 елді мекеннің 10 елді мекені мен Шардара қаласындағы 3 бірлік шағын аудан табиғи газбен қамтамасыз етілді.
2022 жылы газдандыру бойынша Шардара қаласындағы 9 бірлік шағынауданда табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде өздеріңіз көріп отырғандай бүгін Шардара қаласындағы «Наурыз», «Нұр Отан» шағынаудандары табиғи газбен қамтылып отыр. Сондай-ақ, «Мелдеби», «Қанай Датқа», «Әсем-ай» шағынаудандарын табиғи газға қосу бойынша құрылыс жұмыстары толығымен біткен, қазіргі таңда құжаттанддыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталысымен басқа да шағынаудан тұрғындарына кезекпен табиғи газ берілетін болады.
Ал Шардара қаласындағы «Абай», «Қызылжар» шағынаудандары мен Шардара ауылында табиғи газ беру жұмыстары 2023 жылға өтпелі болып отыр.
Ауданда атқарылып жатқан барша жұмыстар мен игі бастамалар, сіздер үшін, жалпы ауданымыздың тұрғындары үшін жасалып келеді. Барлығымыз да елімізді гүлдендіру үшін әрқашан бірлікте, ынтымақта игі істер атқарып, жарқын болашақ үшін еңбек ете берейік! – деді Қ.Жолдыбай.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.