Аптаның алғашқы күнінде аудан әкімі Қайрат Жолдыбай аудан тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізіп, олардың мәселелеріне назар аударды.
Қабылдауда болған тұрғындар тарапынан әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй алу, алимент мәселесі, мүгедектігі бар азаматқа әлеуметтік көмек алу, конкурспен жер алу, баспана және басқа да мәселелер айтылды.
Аудан басшысы сауалдарға толыққанды жауап беріп, аудан көлемінде шешілетін жұмыстарды жүзеге асыру бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар беріп, облыстық және мемлекеттік деңгейде шешілетін мәселелерді ұсыныс ретінде жолдап, орындалуына ықпал жасайтынын жеткізді.
Сондай-ақ, әр мәселенің орындалу уақыты айтылып, қосымша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.