Аптаның сейсенбісінде аудандық әкімшілік ғимаратында аудандық полиция бөлімінің жылдық есебі тыңдалды.
Жиынға аудан әкімі Қ.Жолдыбай, аудандық мәслихат хатшысы А.Қарсыбаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ш.Әділханұлы, аудан прокурорының орынбасары С.Нұрақым және мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйым басшылары мен БАҚ өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты.
Жиын барысында Ш.Әділханұлы полиция бөлімінің жыл бойы атқарған жұмыстары бойынша қысқаша шолу жасап, қорытынды нәтижелерімен бөлісті. Сондай-ақ, негізінен кезек күттірмейтін бірқатар мәселелерге тоқталды. Ол бүгінгі таңдағы отбасылық тұрмыстық жағдай, тазалық, жол ережесін сақтау, ауруды басуға қолданылатын (трамадол) дәрілерге құмарлық және басқа да үлкенді-кішілі қылмыстық әрекеттерді баяндап, оны шешу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізіп, жалпы аудандағы тәртіпті қамтамасыз ету әрбір тұрғынның және барлық мекеменің міндеті екендігін атап өтті.
– Сонымен қатар, ауданда жол көлік оқиғаларының алдын алу үшін арнайы жол белгілері мен бейнебақылау камераларын қарқынды орнату жүргізілуде. Бұл баршамыздың қауіпсіздігіміз. Бұдан бөлек полиция қызметкерлері тұрғындарға барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Полиция халыққа жау емес, керісінше қорған. Сондықтан ескертпелер мен заңнамалық ережелерге дұрыс көзқараста болсаңыздар екен. Тұрғындарды тәртіпке шақырып, қылмыс пен тәртіпсіздіктің алдын алу – негізгі мақсатымыз. Бұған бүкіл аудан халқы мүдделі дер едім. Біз жүйелі жұмыс істеуге бар күшімізді саламыз, – деді полиция бөлімінің бастығы Ш.Әділханұлы.
Баяндамашыға қатысушы- лар тарапынын сауалдар мен ұсыныстар айтылып, күрмеулі мәселелердің шешу жолдары талқыланды.
Жиын қорытындысында аудан әкімі Қ.Жолдыбай полиция бөлімінің жұмыстарына оң баға беріп, жыл соңына дейін бұдан да жақсы нәтижелерге жететіндіктеріне сенім білдірді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.