Таяуда «Ерiктiлер жылы» және Ауған соғысының аяқталғанына 31 жыл толуына орай «Ерлiкке тағзым!» атты ұранымен волейболдан жасөспiрiм ұлдар

мен қыздар арасында Шардара аудандық №1 балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң ашық бiрiншiлiгi өттi. Аталған жарысқа Түркiстан облысына қарасты аудандардан келген бiрнеше командалар қатысты. Аса тартысты өткен жарыста шын мықтылар жеңiс тұғырынан көрiндi.

Атап айтқанда, 2004-2005 жылы туылған ұлдар арасында I орынды Сайрам ауданының, II орынды Шардара ауданының, III орынды Арыс ауданының командасы жеңiп алды. 2007-2008 жылы туылған қыздар арасында I орынды жерлестерiмiз иемденсе, II орынды Отырар ауданының, III орынды Арыс ауданының командасы иелендi.

Жарыс соңында жеңiмпаз командалар грамота, медаль, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Өз тiлшiмiзден.