Аптаның сәрсенбісінде «Amanat» партиясы Шардара аудандық  филиалының  кезектен тыс ХLIV (44) конференциясы болып өтті.

Жиынға «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Жантөреева Қалыйма Жантөреқызы, «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты. Конференцияны партия филиалының атқарушы хатшысы Бекет Ережеп Құдайбергенұлы ашып, жүргізіп отырды.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалған соң конференция өз жұмысын бастады. Ережеп Құдайбергенұлының хабарламасынан соң конференция ашық деп жарияланып, конференцияның жұмысшы органдары сайланды. 

Конференцияның күн тәртібіне төмендегідей 2 мәселе қаралды:

  1. «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасын сайлау туралы;
  2. «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қ.Жантөреева хабарлама жасап, партия филиалының төрағалығына Бекет Ережеп Құдайбергенұлының кандидатурасын ұсынды. Делегаттар аталған ұсынысты қолдап, бірауыздан дауыс берді. Дауыс берудің қорытындысы бойынша Бекет Ережеп Құдайбергенұлы «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы болып сайланды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы бірауыздан сайланды.

Жиын барысында Саяси кеңес мүшелерінің қатысуымен кеңестің алғашқы мәжілісі өтті. Мәжілісте «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының құрамы бекітілді. 

Жиын соңында Қ.Жантөреева 2022 жылы өткен Президент сайлауында белсенділік танытқан партия ардагері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібековке, М.Әуезов атындағы ЖОМ мұғалімі Л.Біләловаға, аудандық мәслихат депутаты, атақты спортшы Қ.Оңғарбаевқа ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың атынан келген Алғыс хаттарды табыс етті. 

Жаңадан сайланған «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Е.Бекет әріптестерін партияның жүктеген міндеттерін абыроймен орындауға шақырды.

Өз тілшімізден.