«Қыс – қатал сыншы» екенін соңғы 10-15 күннен бері сезініп жатырмыз. Ауа-райын зерттеушілердің мәліметінше, аяздың беті қайтқанымен суық бірнеше күнге созылатын түрі бар.
Осындай шақта аудан көлеміндегі әлеуметтік нысандардағы жылу мәселесі қалай екен? Осы сұрақты негізге алған жұмысшы топ кешегі аптада бірнеше нысандағы жылу жүйелерінің жағдайымен танысып шықты.
Өткен аптада облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев бастаған жұмысшы топ ауа-райының өзгеруіне байланысты болатын қауіп-қатердің алдын алу бойынша әлеуметтік нысандардың жағдайына бақылау жүргізді.
Жұмысшы топ өкілдері әлеуметтік нысандардағы жылу қазандықтарының жағдайын, отын қорын, қауіпсіздік шараларының сақталуын және басқа да жұмыстардың жай-күйімен танысты. Сондай-ақ, бірқатар әлеуметтік нысандардағы анықталған мәселелерді шешу бойынша жауапты мамандарға ұсынымдар берілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.