Мемлекет басшысының Жарлығымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Осыған орай «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалына қарасты 15 бастауыш партия ұйымында жиналыстар өтті. Жиындарда негізінен 2 мәселе қаралды. Бірінші мәселе аудандық партия конференциясына делегат сайлау болса, екінші мәселе 7-шақырылымдағы аудандық мәслихат депуттары өздерінің 2 жылда атқарған жұмыстарына есеп берді.
«Депутаттық қызметіміздің екі жылында көп жұмыс істелді. Халықтың әлеуметтік осал тобын қолдауға, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың мәселесін шешуге ерекше назар аударылды. Жастар арасында спортты насихаттау, спорт нысандарының санын арттыру ісінде айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Жеке қабылдауларда болған азаматтардың мәселелері де оң шешімін тапты. Әлеуметтік көмек көрсетілді. Заңгерлік кеңес алды. Жалпы, алдымызға келген әрбір адамға қолдау көрсетуге тырыстық», – дейді бұрынғы мәслихат депутаттары.
«Өскен өңір» – ақпарат.