Кеше ауданымызда Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2008-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен облыс чемпионаты өтті.

Дүбірлі додаға облысымыздағы барлық аудандардан балуандар қатысып, жарыстың көркін қыздырды. Спорттық шарада аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев сөз сөйлеп, жарысты ашып берді.

«Құрметті спортшылар және жарысқа қатысушылар! Міне бүгін ауданымызда 2008-2010 жылы туған жасөспірімдер грек-рим күресінен облыстық чемпионат өтуде. Жалпы Шардара өңірі – чемпиондар мекені. Бүгінгі күні ауданымыздан 120 Әлем чемпионы шығып отыр. Сіздер чемпиондардың мекеніне аяқ басып отырсыздар деп мақтанышпен айта аламын.

Жалпы бүгінгі чемпионатқа Түркістан облысының түкпір-түкпірінен 14 команда қатысуда. Бұл жарыстың ең басты мақсаты – сіздерді бәсекелестіру емес, достастыру, біріктіру және араларыңыздан чемпиондарды іріктеп шығару. Тағы да ауданымызға қош келіпсіздер дей отырып, баршаңызға сәттілік тілеймін!» – деді Б.Шомпиев.

Төрешілердің ойын ережесін түсіндіруінен соң балғын балуандар боз кілемде белдесуді бастап кетті. Жарыс тартысты өтіп, қорытынды есепте аудан спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді еншіледі.

Жеңімпаз спортшыларға мадақтама қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Жеңістеріңіз құтты болсын, балуандар! 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.