Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмысқа жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеуіміз қажет. Бұл жөнінде аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда үнемі айтылып келеді.

Апта барысында өткен аталған комиссия жиынында аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы «Әкелер мектебінің» төрағасы           Н.Ыбырайым, учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қ.Тілеуов атқарған жұмыстары жайлы хабарлама жасады.

Полиция қызметкерінің айтуынша аудандық ішкі саясат, адами әлеуетті дамыту бөлімі және мектеп ұжымдарының бірлесе жүргізген рейдтік шаралары барысында 30 ата-анаға (балалары түнгі мезгілде көшеде жүрген) хаттама толтырылып, ескерту берілген. Олардың балалары тағы тәртіп бұзса ата-аналарына айыппұл салынады.

Мұнан бөлек кәмелетке толмаған жасөспірімге темекі сатқан бір сатушыға 30 630 теңге, сыра сатқан бір сатушыға 87 000 теңге айыппұл салынған. Кәмелетке толмағандарды қарауына алып, өз міндеттерін орындамау фактілері де кездеседі. Осындай 4 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынған.

«Өскен өңір» – ақпарат.