Апта барысында аудандық мәдениет үйінде «Арай-2023» атты аудандық жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілері арасында байқау өтті. Аталған байқау жастарды отансүйгіштікке баулу, эстрадалық ән орындау шеберлігін дамыту, сондай-ақ облыстағы мәдени іс-шара жүргізушілерін анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Дәстүрлі байқаудың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі. Байқауға барлығы 24 үміткер (оның ішінде эстрадалық ән жанры бойынша 15, мәдени іс-шара жүргізушілері бойынша 9) бақ сынады.
Байқау қорытындысында эстрада әндерін орындаушылар бойынша жүлделі 1 орын әнші Шахзод Санаға бұйырды. Ал мәдени іс-шара жүргізушілері сайысында Эльвира Икрамбай 1-ші орынға лайық деп танылды.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларға Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айдаров Еркебұлан Тоқтарұлы Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыстады.
Бірінші орынға ие болған қатысушылар облыстық байқауға жолдама алды.
Бекжұма Нарбай.