Апта барысында аудандық ардагерлер кеңесінде алқалы жиын болып өтті. Жиынға аудан пракуроры Р.Әбдірайымов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ш.Әділханұлы, бастауыш ұйымдардың төрағалары, «Әжелер алқасының», «Әкелер мектебі-нің» төрағалары және медиаторлар қатысты.
Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе – құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары бойынша сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков жиынға қатысушыларды жан-жақты мағлұматтармен таныстырып өтті. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде бір қатар шараларға баса мән берген төраға алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстарды да тілге тиек етті. Бастауыш ұйымдар жұмыстарын үйлестіру мен 2022 жылғы атқарылған іс-шараларға сараптау жүргізіліп, биылғы жылы атқарылар шараларға нақты тоқталды. Атап айтқанда «Әжелер алқасы», «Әкелер мектебі» туралы нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
Жиында тиісті қаулылар қабылданды.
Өз тілшімізден.