Қоғамның әл-ауқатының басты көрсеткіші – адам денсаулығы. Спорт – денсаулық кепілі, ал денсаулығы мықты, рухы күшті ұрпақ – ел болашағы. Елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жыл сайын көптеген нысандар ашылуда.
Таяуда аудан орталығында осындай игілікті шара орын алды. Атақты спортшы Арман Қарсыбаев жетекшілік ететін «Шардара Армспорт» клубының ұйымдастыруымен қала орталығындағы Мелдеби мөлтекауданында орналасқан №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің жанынан балаларға арналған ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Аталған алаңшаның ел игілігі үшін ашылғанына ауыл тұрғындары шексіз ризашылық білдірді. Сондай-ақ, бүлдіршіндер де қуанып, асыр салып ойнап, ағаларына риза болысты.
«Ел болашағы – жастар» демекші, дені сау, білімді, еліміздің болашағын баянды ететін жастарымыздың көп боларына сенімдіміз.
«Өскен өңір» – ақпарат.