Өткен аптада Шардара ауданына ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов келіп, әлемге әйгілі «Шардара Армспорт» клубының тыныс-тіршілігімен танысты. Министр спорт клубындағы барлық залдарды аралап, әлем чемпиондармен кездесті.
Спорт клубымен танысып шыққан А.Раздықұлы: «Мен осы уақытқа дейін шағын ауданнан 102 Әлем чемпионы шықты дегенді естімеген едім. Ал бүгін арнайы Шардара жеріне келіп, чемпиондармен жүзбе-жүз кездесіп отырғаныма дән ризамын. Міне осындай ауылдан шыққан қазақтың қара домалақ балалары мемлекетімізді бүкіл әлемге танытып отыр. Мен мұнымен мақтанамын. Әрине, бұл нәтиженің артында үлкен еңбек жатыр. Осы орайда клубтың негізін қалаушы Арман Қарсыбаевқа ерекше алғысымды айтамын. Өйткені «Шардара Армспорт» клубының әр спорт залында тәрбиелік мәні зор сөздер жазылғанын көрдім. Мысалы «Чемпион болу мақсат емес, адам боп қалу – парыз». Мұндай сөздерді естіп өскен бүлдіршіндер чемпион болмауы мүмкін емес. Мен баршаңызбен мақтанамын» - деп өз ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ, министр мемлекет тарапынан әрқашан қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізіді. Кездесуден соң «Шардара Армспорт» клубындағы Әлем чемпиондары аллеясына ағаш отырғызып, спорт клубының ұжымымен естелік суретке түсті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.