Апта барысында аудан әкімдігінде кәмелетке толмаған жастардың арасында орын алып жатқан құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланған жиын болып өтті.

Жиынға аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудан прокурорының орынбасары С.Нұрахым, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ш.Әділханұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов, жергілікті полиция бөлімінің жеке құрамы, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің өкілдері, аудандық ардагерлер ұйымы, дербес бөлімдердің  жауапты қызметкерлері, аудандық орталық аурухана, және  құқық қорғау орган қызметкерлері мен қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.

Жиында кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар баяндалып, талқыланды.

Мәжіліс барысында комиссия мүшелері кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы мәселелерді дер кезінде шешіп, оның алдын алу бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарларын бекітті. Атап айтқанда, оқу күндерi таңертеңгі және кешкi уақытта автомобиль көлiгiнiң ағыны көп білім беру ұйымдарының жанында жаяу жүргiншiлер өткелдерiнде күнделiктi кезекшiлiк ұйымдастыру, жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мiнез-құлықтың алдын алу бойынша аудандағы педагог-психологтардың жұмыстарын жандандыру, барлық мектептерде балаларға отбасындағы, мектеп оқушылары арасындағы әлімжеттік, зорлық-зомбылық, ақша жинау және басқа да анайы сипаттағы қылмыстарды анықтау мақсатында жалпы білім беру мекемелерінде анонимді түрде сауалнамалар жүргізіп, нәтижесі бойынша нақты шаралар қабылдау, алкогольді сусындар, наркотикалық заттар, психотроптық және өзге де қатты әсер етуші заттарды тұтынатын кәмелетке толмағандарды анықтау жұмыстарын жүргізу, ауылдық жерлерде мектепішілік есепте тұратын және аз қамтамасыз етiлген отбасылардың балалары мен жасөспiрiмдердi спорт мектептерiне және секцияларына тарту, «тәуекел» тобына енген балаларды анықтап, олармен құқықбұзушылық алдын алу шараларын ұйымдастыру, Шардара су қоймасы жағалауы және каналдар мен өзендердегі мұз айдандырына жүруге қатаң тыйым салынып, олардың ата-аналарына қауiпсiздiк шараларын сақтау туралы қатаң бақылауға алу, аудандық орталық аурухана қызметкерлерiмен бiрге мектептегі қыз балалар арасында кездейсоқтық жүктіліктің, ерте некеге тұрудың алдын алу мақсатында отбасындағы қыз баланың тәрбиесін ата-аналармен бірге талқылап, қыздар кеңесі, жиындар, дөңгелек үстел, семинар, дәріс сабақтар (ата-ана, ұстаз, дәрігер) әртүрлі форматтағы жұмыстары жандандыру, оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша мектепішілік ата-аналар жиналыстарын мектеп полиция инспекторлары мен учаскелік полиция қызметкерлерінің қатысуымен әр оқу тоқсанының қорытындысы бойынша әртүрлі форматта, оның ішінде онлайн режимінде тұрақты түрде өткізу секілді мәселелер айтылды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.