Таяуда Шардара қаласынан, су қойманың жағасынан «Sybaga» мейрамханасының салтанатты ашылу шарасы өтті. Туристік нысанның ашылуына аудан әкімі Қайрат Жолдыбай арнайы қатысып, лентасын қиды.
— Шардара ауданы туризм саласын дамытуға өте қолайлы аймақ. Оның бірден бір себебі – су қоймамыз. Міне бүгін жерлесіміз, жеке кәсіпкер Мұхит Бурханов деген бауырымыздың бастамасымен Шардара су қоймасының жағасынан, қаламызда тағы бір туристік нысан ретінде мейрамхана ашылып отыр. Міне, осы секілді Шардараның туризм саласына өз үлесімді қосамын деген азаматтар болса, әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз. Ауданымыз көркейе берсін, – деді Қ.Жолдыбай.
Сондай-ақ, жиынға келген қонақтар өз ақ тілектерін айтып, мейрамханадан дәм татып, ғимараттың құрылымымен танысты.
Айта кетсек, «Sybaga» мейрамханасы бір мезетте 50-ге жуық адам қабылдай алады. Сондай-ақ, 10 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.