Шардара қаласының әкімі Олжас Айдосов шаһардың тазалығына ер азаматтармен тең еңбек сіңіріп жүрген бірқатар аналар мен аруларға 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өз алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.
— Құрметті нәзік жанды аналар, қыз-келіншектер, Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қаламыздың көркеюі мен тазалығы тікелей сіздердің арқаларыңызда жүзеге асуда. Нәзік жандарыңызды аямай ел үшін қызмет етудесіздер. Бүкіл әлем ананың алдында бас иеді. Сіздерге деген құрметім шексіз. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тек жаны таза жандардың ғана қолынан келеді деп ойлаймын. Осынау мерекеде отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, шаттық тілеймін, – дейді О.Айдосов.
Бейнеттің бел ортасында жүрген аналар өздерінің еткен еңбегін бағалап, құрмет көрсеткені үшін қала басшысына ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Шардара қаласы әкімінің баспасөз қызметі.