8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, аудан басшысы Қайрат Жолдыбай қаладағы жалғызілікті қарт аналарды құттықтап шықты.
Аудан әкімі аналарға ыстық лебізін білдіріп, сый-сыяпаттарын табыстады.
— Сіздерді айтулы мереке 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер жалғыз емессіздер. Біз әрқашан жандарыңыздан табыламыз. Сіздердей қарт аналарымыз біздерге асыл қазына. Әрдайым жүздеріңіз жадырап жүргей. Осынау мерекеде дендеріңізге саулық, ұзақ өмір тілеймін, – деді Қ.Жолдыбай.
Мерекелік тарту-таралғы алған аналар да өз кезектерінде ризашылықтарын білдірді.
Өз тілшімізден.