Түркістан облысында Наурыз мейрамын атап өтуге арналған 10 күндік іс-шаралар жоспары бекітілген. Аталған онкүндік аясында, өткен аптаның сенбісінде «Наурыз – тазалықтың айнасы» атты облыс бойынша жаппай сенбілік өтті.
Бұл шараға Шардара ауданынан 2400-нан астам адам қатысты. Аудан бойынша 8650 түп ағаш және 1500 түп гүл отырғызылды. Сондай-ақ, сенбілік барысында тазалық жұмыстары жүргізіліп, жиналған қоқыстар сұрыпталып, қайта өңдеу мекемелері мен арнайы полигондарға жеткізілді. Аудан, қала , ауылдық округ және елді мекендерде сенбілік барысында: көше бойларын тазалау, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу, аяқ жолдарды тазалау, саябақтарды тазалау, скверлерді тазалау, балалар алаңшаларын тазалау, спорт алаңшалары мен үй іргелік аулаларын тазалау, көпірлер, өзендердің, каналдар мен бұлақтардың арналарын жинап-тазалау, автомобиль жолдарының бойы, көпқабатты үй маңындағы аумақтары мен аулалар және кіре берістерді (подьезд) тазалау жұмыстары атқарылды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.