Наурыз айының соңында Алматы қаласында таэквондо спортынан 2011-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында (WT) Федерация кубогы өтті.
Мексикада (Мазатлан) таэквондодан (WT) өтетін Әлем чемпионатына іріктеу мақсатында өткен жарысқа еліміздің ең мықты спортшылары қатысып, өзара бақ сынады. Солардың қатарында жерлесіміз Тілеу Бекасыл күміс алқаны қанжығасына байлап, әлем чемпионатына жолдама алды.
Бекасылдың әлем чемпионы болуына тілектеспіз!
«Өскен өңір» – ақпарат.