Аптаның алғашқы күнінде аудан әкімі Қ.Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, әр мәселеге жауапты дербес бөлім басшылары мен қала, ауыл әкімдері қатысты.

Жеке қабылдауда болған тұрғындар тарапынан тұрғын үй кезегі, мүгедектігі бар перзентін қосымша емдеу мәселесі, тұрғын үйін жөндеуге көмек беруді ұйымдастыру, көпқабатты тұрғын үйдегі газ құрылысы және басқа да мәселелер айтылды.

Аудан басшысы сауалдарға толыққанды жауап беріп, жауапты мекемелерге мәселелерді шешу үшін тиісті тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, аудан әкімі әр мәселенің жүзеге асу уақытын айтып, қосымша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.