Наурыз мейрамы – ұлттық салт-дәстүрлердің маңызын сезінуге және дәріптеуге бағытталатын ерекшелігімен де құнды. Мереке аясында Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және аудандық Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Наурыз – тарту» ұлттық тағамдар байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 22 жалпы білім мекемелерінен үміткерлер қатысып, байқауда бақтарын сынап, ұлттық тағамдарды кеңінен дәріптеді.

Бауқауға аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев арнайы қатысып, ризашылығын білдірді. Қазылар алқасы өздерінің оң бағасын беріп, жүлдегерлерге түрлі марапаттар табыс етті.

Өз тілшімізден.