Бокстан Үндістан астанасы Делиде әйелдер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Сайыс нәтижесінде қазақстандықтар 2 күміс және 4 қола медаль еншіледі. Ел қоржынына соңғы жүлдені аса ауыр салмақтағы (+81 кг) Лəззат Күнгейбаева салды.

Отандасымыз əлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері, марокколық Хадидже Эль-Мардимен шеберлік байқасып, ұпай санымен жеңілді. Лəззат бұған дейін 2014 жылы күміс жүлдеге қол жеткізсе, 2016 жылы əлем чемпионы атанған болатын.

Айта кетейік, Ләззат Күнгейбаева 1987 жылы Шардара ауданында дүниеге келген. Астана қаласында тұратын ол елордада спорттың дзюдо және самбо түрлерімен шұғылданып, самбодан үш рет Қазақстан, екі мәрте Азия чемпионы атанған. Боксқа студент кезінде келген. Соған қарамастан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанған. Әлем және Азия чемпионы.

«Өскен өңір» – ақпарат.