Өткен аптада «Таза су айдындары» табиғатты қорғау республикалық акциясы аясында Шардара су қоймасының жағалауында кең көлемде сенбілік өткізілді. Жағалауды күл-қоқыстардан тазарту мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке барлығы 300-ге жуық еріктілер қатысты.
Сенбілікке қатысқан ерікті жастар мен табиғат жанашырлары ауданның тазалығы үшін ерінбей еңбектеніп, нəтижесінде жағалауды күл-қоқыстардан тазартты.
Қоршаған ортаға құрметпен қарап, таза ұстау – əр адамның міндеті!
«Өскен өңір» – ақпарат.