Өткен аптада Шардара қаласындағы Спорт кешенінде дзюдо күресінен 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында «SHARDARA OPEN CUP – 2023» жарысы өтті. Аталған жарысқа облысымыздың түкпір-түкпірінен келген боз кілем шеберлері қатысып, өзара бақ сынады.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі аппаратының басшысы Жұмасұлтан Бердешов сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалған соң, жарыс басталып та кетті.
Күнұзаққа созылған тартысты жарыста командалық есеп бойынша І - орынды Шардара ауданының, ІІ - орынды Сарыағаш ауданының, ІІІ - орынды Кентау қаласының балуандары жеңіп алды. Жеңімпаздар арнайы медаль, грамота және сертификаттармен марапатталды.
«Өскен өңір» – ақпарат.