Өткен аптада сегізінші шақырылымдағы Шардара аудандық мәслихатының бірінші сессиясы өтті.
Жиынға аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төра- ғасы Есенбай Бейсенбиев және 15 округтен сайланған депутаттар қатысты.
Сессияда аудан әкімі және аумақтық сайлау комиссияның төрағасы депутат болып сай- ланған азаматтарға салтанатты түрде куәліктерін тапсырды.
Мұнан соң депутаттар ашық дауыс беру арқылы бір ауыздан Қарсыбаев Арман Романұлын Шардара аудандық мәслихатының төрағасы етіп сайлады.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабы 1 тармағына сәйкес, сегізінші шақыры- лымдағы Шардара аудандық мәслихатының бірінші сессиясының күн тәртібіндегі:
- Сегізінші шақырылым- дағы Шардара аудандық мәслихатына депутаттар сайлаудың қортындылары жөніндегі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары;
- Сегізінші шақырылымдағы Шардара аудандық мәслиха- тының төрағасын сайлау туралы;
- Шардара аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру, сандық құрамын белгілеу, аудандық мәслихаттың тұрақты омиссияларының төрағаларын және олардың мүшелерін сайлау туралы;
- Шардара аудандық мәсли- хатында «Amanat» партиясының фракциясын тіркеу туралы;
- Шардара аудандық мәс- лихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №24-158-VII 2023 жылға арналған Шардара аудандық мәслихатының жұмыс жоспары туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер енгізіліп, қаралды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.