Апта барысында сегізінші шақырылымдағы Шардара аудандық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Арман Қарсыбаев ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Жетпісбаев, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл қатысты.
Сессия отырысында мынандай мәселе қаралды:
1.Шардара ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы.
2. Шардара ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашыларға аудандық мәслихат төрағасы, мәслихат депутаттары сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Күн тәртібіне енгізілген мәселелер жан-жақты қаралып, сол бойынша бірауыздан шешім қабылданды.
Аудандық мәслихат
аппараты.