Апта басында аудан әкімі Қ.Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, әр мәселеге жауапты дербес бөлім басшылары мен қала, ауыл әкімдері қатысты.
Жеке қабылдауда болған тұрғындар тарапынан тұрғын үй, тұрғын үй шатырын жөндеу, жер алу, жұмыспен қамту, Қоссейіт ауылының инфрақұрылым мәселесі, газдандыру, конкурспен жер алу заңдылығы, пай үлесіндегі жерді рәсімдеу және басқа да мәселелер айтылды.
Аудан басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға толыққанды жауап беріп, жауапты мекемелерге мәселелерді шешу үшін тиісті тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, аудан әкімі әр мәселенің орындалу мерзімін белгілеп, бірқатар мәселелерге түсіндіру жұмысын жүргізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.