Өткен аптада аудан әкімі Қайрат Жолдыбай Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында бірқатар өзге ұлт азаматтарын қабылдап, Алғыс хаттармен марапаттады. Айта кетсек, аудан әкімінің мерекелік Алғыс хатына Лепцова Азиза, Тазетдинова Эленора, Каюмова Гүлчехра, Николаева Леся және Ибадуллаев Үсен сынды ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген өзге ұлт өкілдері ие болды.
«Сіздерді Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің қоғамдық келісім ұлттық бірлікті қамтамасыз ету, қоғамдағы татулық пен бірліктің нығаюы бағытындағы еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіремін. Бұл мереке бейбітшілік пен келісімді бағалайтын барша қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие. Алдағы уақытта да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ауданның өсіп-өркендеуі жолында еңбек ете берулеріңізге тілектеспін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін» – деді Қ.Жолдыбай.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.