Өткен аптада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Алты алаш» алаңында «Сан ұлтқа сая болған Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шара аудан мектептерінің қолөнерінің көрмесімен басталып, әсем ән тарту етілді.
Сан ұлттың өкілдері ұйысқан мерекелік шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев құттықтау сөз сөйледі.
«Сіздерді татулық пен келісімнің нұрын шашқан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің нышаны болса, ал бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы. Бұл күн-әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі.
Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры-татулық пен тұтастығы. Түрлі ұлт өкілдері біршаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық. Баршаңызды айтулы мерекемен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін!», – деді Б.Қуанышбайұлы.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, өнер жұлдызы Наркенже Серікбаева мен ауданымыздан шыққан белгілі өнерпаздар әсем ән шырқап, қатысушыларға мерекелік көңіл- күй сыйлады. Сондай-ақ, мектеп оқушылары түрлі ұлттың биін билеп, патриоттық әндердер орындады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.