Құрметті шардаралықтар!

Қадірлі тыл еңбеккерлері, әскери қызметкерлер!

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерейтойымен және 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – соңғы демі қалғанша күрескен жанқиярлық ерліктің нәтижесі, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі. Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де Ұлы жеңістің жемісі.

Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген сөздері ел намысын өз тағдырынан әрқашан жоғары қойды.

Бір-біріне ұласқан осынау қасиетті де қастерлі мерекелер қарсаңында ел басына қиын-қыстау күн туғанда табандылық пен төзімділік танытқан тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіп, ыстық ықыласпен алғыс айтамыз.

Қашанда Отан үшін оққа кеудесін тосқан әкелеріміздің ерлігін ұмытпау, бүгінгі бейбіт өмірді ұрпаққа аманат ету – біздің перзенттік парызымыз. Біздің ардагерлерге деген құрметіміз олардың ерлігінен кем түспеуге тиіс. Бүгінгі буын Жеңіс сарбаздары алдында мәңгілік қарыздар.

Туған жері мен Отанын қорғау – батыр бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өшпес өсиеті, қасиетті дәстүрі. Сондықтан да бүгінде сайыпқыран сарбаздарымыз ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрін лайықты жалғастырып, әскери борыштарына, антына адал қызмет атқаруда.

Қазіргі еліміздегі жауынгерлеріміздің ұрыс қабілеті артып, қазіргі заманғы қару-жарақтармен жабдықталып, әскер қатары білікті кадрлармен толығып келеді. Отанымыздың шекарасын, аумақтық тұтастығын қорғау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Ең бастысы, жауынгеріміздің бойында отаншылдық рух күшейіп, әскери қызметтің абыройы мен беделі көтерілді.

Бүгінгі мерейлі мерекеде бар өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген сардарларымыз бен сарбаздарымызға алғысымызды білдіреміз.

Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Бейбітшілікті мақсат еткен Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтата түсетін қуанышты күндер көп болсын!

Құрметті    шардаралықтар!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күні  және Қазақстан Республикасы Қарулы күштері күні  мерекесімен  құттықтай  отырып,  зор денсаулық,  ұзақ  ғұмыр,  бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!

 

Аудан әкімі Қ.Жолдыбай

Аудандық мәслихат төрағасы  А.Қарсыбаев