Мереке қарсаңында аудан әкімі Қ.Жолдыбай тыл еңбеккерлерін құттықтап шықты. Аудан басшысы тыл ардагері Жаукимов Түзелбай және Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы Шымырова Жаңылысты анамыздың үйіне барып құрмет көрсетті.
«Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке Ұлы Отан соғысына қатысушылар және тыл еңбеккерлерінің қажымас қайсар рухының жеңісі. Сіздердің соғыстан кейiнгi жылдары халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы қажырлы еңбектеріңіз кейінгі ұрпақ үшін өшпес өнеге болып қала береді. Бүгінгі өскелең ұрпақты береке-бірлікке, тату-тәттi тірлікке тәрбиелеу ісіне белсенді ат салысып ортамызда аман-есен жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Ұл-қыздарыңыздың, немере-шөберелеріңіздің қызығын көре беріңіздер» – деді Қ.Жолдыбай.
Сондай-ақ, аудан әкімі ардагерлерге Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырып, бүкіл аудан халқының атынан бейбіт күн үшін алғыс білдірді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.