7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелері қарсаңында «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Е.Бекет, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Қ.Тілешова, партияның қоғамдық саяси кеңес мүшесі С.Лахановтар Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы 96 жастағы Ерімбетова Күлпан апа мен тыл ардагері 94 жастағы Ақмолдаев Орынбасар ақсақалдың отбасыларына барып, тыл еңбеккерлерін қос мерекемен құттықтады.
Тыл ардагерлері сонау қиын-қыстау кезеңдегі оқиғаларды еске алып, Тәуелсіз Қазақстанда бейбітшіліктің тұрақты болуы үшін тілектестігін білдірді. Бейбітшілік кезеңде өмір сүріп жатқан өскелең ұрпақтың білімді, білікті болуын тіледі.
Еліміздің тәуелсіздігінің тұғырлы болуын, ынтымақ-бірлігін арттыруды тілеген ардагерлер ақ баталарын берді.
Өз тілшімізден.