Осы күні аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков, ҰҚК Шардара аудандық бөлімінің басшысы Н.Төлегенов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Е.Жұманов және ардагерлер мен тұрғындар орталық саябақтағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып қойылған «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойды. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлеріміздің рухына құрмет көрсетіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.
Салтанаттты шарада аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев: «Бұл тарихи мерекенің әрбіріміз үшін, қоғам мен мемлекет үшін де маңызы ерекше. Жыл сайын осынау ең қастерлі Жеңіс мерекесін тойлай отырып, біз сол сұрапыл соғыста қаза тауып, халқы үшін құрбан болған жауынгерлердің есімдерін ардақтап ұлықтаймыз, құрметпен еске аламыз. Ұрпақтарының санасында қан майданды бастан кешкен аға буынның ержүректігі нағыз отансүйгіштіктің үлгісіндей болып қала береді. Сондықтан да ортамызда қалған әрбір ардагерлерімізді ардақтап-қадірлеу, олардың бар жағдайын жасау – біздің перзенттік парызымыз», - деп өз лебізін білдірді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.