«Түркістан облыстық статистика департаментінің бюллетеніндегі, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасындағы және ауылдық округ әкімдіктерінде жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу кітапшасындағы мал бастарын сәйкестендіру мәселелерін шешу туралы» Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, жұмысшы топ құрылған болатын.
Аталған жұмысшы топқа берілген тапсырмалардың орындалуын талқылау үшін өткен аптада облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғ.Құрманбай мен аудан әкімі Қ.Жолдыбайдың қатысумен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ветеринария саласында біршама уақыттан бері шешімі табылмай келе жатқан мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Шардара ауданындағы мал басын сәйкестендіру, ветеринария мамандарының ғимаратпен қамтылу жағдайы, қажетті биотермиялық шұңқырларды және уақ мал тоғытатын орындарды салу, аудандағы ветеринариялық–санитариялық нысандарды құжаттандыру жұмыстарының барысы және ауданда атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы туралы сөз қозғалып, мәселелерді шешу жолдары талқыланды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.