Қайырымдылық – қазақтың қанына сіңген қасиет. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу – адамдық міндетіміз һәм парызымыз. Қазіргі таңда мұндай шараларды атқарумен қайырымдылық қорлары айналысуда. Бұл қуанарлық жағдай.
Апта барысында «АСАР УМЕ» қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен тағы бір отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Әрдайым қайырымдылық жасауға асығып тұратын қор қызметкерлері бұл жолы қала тұрғыны, 5 баланың анасы Лаура Полатқа 4 бөлмелі үйді сыйға тартты.
– "Көптен бері баспаналы болсақ", – деп армандап жүргенбіз. Қанша әрекет етсек те қысқа жіп күрмеуге келмей, қинап жүрді. Бүгін сол арманымызды жүзеге асырған Асхат Нұрмашев басқаратын «АСАР УМЕ» қорының ұжымына зор алғыс айтамын. Жасаған жақсылықтары Алладан қайтсын, – баспаналы болған кейіпкеріміз.
Ендеше, жақсылық жасап жарысайық, ағайын!
«Өскен өңір» – ақпарат.