Құрметті  шардаралықтар!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ислам – келісім мен толеранттылықтың, жасампаздық пен үйлесімділіктің діні. Біздің елімізде Құрбан айт мерекесі тек мұсылмандарды ғана емес, барлық қазақстандықтарды біріктіреді. Қазақстан өзінің бай рухани мұрасын, бірегей тарихи, мәдени және діни дәстүрлерін мақтан тұтады. Оларды дамыта отырып, біз қоғамдағы мәдени және рухани әралуандылықты сақтауға, мемлекетіміздің азаматтары арасындағы өзара құрмет пен сенімді одан әрі нығайтуға тиіспіз.

Құрбан айт – туыстарымыз бен жақындарымызға, жалпы айналамыздағы адамдарға жан жылуын сыйлаудың тағы бір керемет мүмкіндігі. Береке мен бірлікті арттыратын құтты мейрам – Құрбан айт адамдардың бір-бірімен етене араласуына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады. Осы қасиетті күні халқымыз құрбандық шалып, бір-біріне тек жақсылық тілейді.

Құрбан айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі. Құрбан айт – ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мейрам. Айт күні адамдар құрбан шалумен ғана емес, сауапты, ізгі, қайырлы амалдарымен Жаратушының рақымына жақындай түседі.

Қадірменді бауырлар!

Әрбір шаңыраққа шалқыған шаттық, баянды бақыт, қуаныш әкелетін әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Құрбан айтпен тағы да құттықтай отырып, тілеген тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын.

Әрбір отбасына амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін! 

Құрметпен: Аудан әкімі Қ.Жолдыбай

Аудандық мәслихат төрағасы   А.Қарсыбаев