Құрметті журналистер қауымы!

Сіздерді 28 маусымдағы кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі күні еліміздің  бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Ақпарат саласы – қоғамдық  пікір қалыптастыратын маңызды сала.

«Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» ретінде елге адал қызмет ету – әр журналистің абыройлы міндеті. Елді игі іске жұмылдырып, берекені арттырып, татулықты нығайтуда билік пен халық арасында алтын көпір болып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қашан да жоғары. Еліміздің татулығы мен тұрақтылығының өрістеп-өрлеуінің қарқынын паш ететін журналистер қашан да құрметке лайық. Нақты адами ұстаным мен болып жатқан  жайтқа бейжайлық танытпай, мақсатқа жетуге ұмтылу – сіздердің мамандықтарыңыздың ерекше қыры.

Сіздерге тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін зор алғыс білдіреміз.

Қаламдарыңызға қызықты тақырыптар ілінсін, ал сіздердің жарияланымдарыңыздағы әр сөз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін! Зор денсаулық, өздеріңіз бен жақындарыңызға бақыт тілейміз!

Кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Құрметпен, Аудан әкімі Қ.Жолдыбай

Аудандық мәслихат төрағасы   А.Қарсыбаев