Кеше «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумы өтті.
Іс-шара жұмысына еліміздің барлық өңірінен 2000-нан астам мәслихат депутаттары, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, партияның Саяси кеңесінің мүшелері, ҮЕҰ өкілдері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты.
Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясындағы өңірлік дамудың өзекті мәселелері және мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.
Басты мақсат – Мемлекет басшысының саяси реформаларының нәтижесі ретінде депутаттар мен мәслихаттар жұмысындағы өзгерістерді ілгерілету. Форумның негізгі міндеті – аманаттық депутаттардың оң имиджін қалыптастыру, қоғамның партияға, депутаттарға, мәслихаттарға деген сенімін арттыру, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен орталық мемлекеттік органдар басшыларының тікелей диалогын құру.
Өз тілшімізден.