Жуырда Түркістан облысының прокуроры Тілеубердиев Мұрат Әжінұрұлы Шардара ауданында болып, аудан ақсақалдары, ардагерлері, қоғамдық ұйымдар және аудан активімен кездесті.

— Өздеріңізге белгілі, мен жақында ғана облысқа прокурор болып тағайындалдым. Аудандарды аралап, әр аудандағы өзекті мәселелерді талқылып, бірлесіп жұмыс атқару үшін келіп отырмын. Әр жердің өзекті мәселесін жергілікті халқы өте жақсы біледі. Сондықтан аудан халқымен жолығып, облыс, республика деңгейінде көтеріп, шешілуге тиіс мәселелерді заң аясында шешуге ықпал жасауды міндетіміз деп білемін, – деді М.Әжінұрұлы.

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев аудандағы өзекті мәселердің оңтайлы шешілуі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жасалған іс-шараларды баяндады.

Сондай-ақ, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков сөз сөйлеп, ауданның жалпы әлеуетіне тоқталды.

Облыс прокуроры аудандағы бірқатар мәселелермен таныса отырып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.