Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобилділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Жуалиеваның 2023 жылдың 01 шілдесіндегі №27 бұйрығымен Шардара ауданы бойынша «Мансап орталығы» филиалының директоры лауазымына Майханов Нартай Қуанышбекұлы тағайындалды.
Майханов Нартай Қуанышбекұлы 27 мамыр 1982 жылы Шардара ауданында туылған. 2005 жылы Алматы эканомика және статистика академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойыншы оқып бітірген. Соңғы еңбек жолын 08.11.2021 жылдан «Шардара ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры лауазымында өткерген.
Нартай Қуанышбекұлының жаңа қызметіне сәттілік тілейміз.
"Өскен өңір" газетінің ұжымы.