Ұзын ата ауылдық округінің шаруалары шығыны аз, ағын суды көп қажет етпейтін дақыл – бидай мен жаздық арпа егуді қолға алған болатын. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайдың ұсынысымен, жергілікті шаруалардың қолдауымен басталған жұмыстар өз нәтижесін беріп, бүгінгі таңда астық жинау науқаны аяқталуда. Шаруалар өнім көлемі мен сапасын арттыру бағытында тәжірибе жинап, мол өнім алуда.
Шаруалардың осы дақыл түріне қызығушылығы артты, бидай мен арпа егуге ниетті азаматтардың қатары көбейіп келеді. Осы орайда, өнім көлемі мен сапасын арттыру мақсатында тиімді шараларды, сонымен қатар элиталы ұрық және минералды тыңайтқыштар қолдану басты назарда.
Айта кету керек, бүгінде ауылдық округ көлемінде 300 гектар аумаққа күздік бидай, 280 гектар жаздық арпа дақылы егілген.Шаруалар орта есеппен бидай 31 ц/р болса арпа 28 ц/р өнім алуда. Алдағы уақытта шығыны аз, ағын суды көп қажет етпейтін, шаруаларға қолайлы бидай мен жаздық арпа алқабын одан әрі дамыту жоспарлануда.
Ауыл дихандары: «Зауыт іске қосылса 500-1000 гектарға дейін жүгері егуді жоспарлап отырмыз. Мал азығын өзіміз еккен соң шығын да азаяды» дейді.
«Өскен өңір» – ақпарат.