Апта басында аудан әкімі Қ.Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, әр мәселеге жауапты дербес бөлім басшылары мен қала, ауыл әкімдері қатысты.
Жеке қабылдауда болған тұрғындар тарапынан Т.Бокин көшесіне латок қою, Жаушықұм егіс алқабынан жер алу мәселесі, ауыз су, мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй алу, Достық ауылындағы кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскесінің заңдылығын анықтау, мүгедектерге қараушылардың мәселесі, Өтеғұл шағынауданына қарасты Исатай көшесін жарықтандыру және басқа да мәселелер айтылды.
Аудан басшысы сауалдарға толыққанды жауап беріп, жауапты мекемелерге мәселелерді шешу үшін тиісті тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, аудан әкімі әр мәселенің орындалу мерзімін белгілеп, бірқатар мәселелерге түсіндіру жұмысын жүргізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.