Шардара ауданындағы «Тұрар» шаруа қожалығы 32 гектарға пияз, 32 гектар алқапқа бақша дақылдарын еккен. Атап айтқанда, 12 гектарға ерте пісетін «Бонус F1», 6 гектарға орташа мезгілде пісетін «Камперо F1», «Аргос F1», сондай-ақ 8 гектарға кеш пісетін «Каоба F1» сортты пияздары егіліп, бүгінгі таңда алғашқы өнімнің 100 тоннасы Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласына жөнелтілуде. Пияздың 1 келісі 110 теңгеден босатылуда.
Шаруа қожалықта жиын-терім кезеңінде 100-ден астам адам жұмыспен қамтылады.
Айта кетсек, «Тұрар» шаруа қожалығы 286,5 гектар жерді игеруде.
Шаруа қожалық пияз өнімінен бөлек картоп, сәбіз, қарбыз, қырыққабат, қызылша дақылдарын егумен айналысады.
Рүстем ПЕРДЕБЕК.