Биылғы жылы ауданымызда 2023 жылдың өнімі үшін 57 800 гектар суармалы егістік алқапқа әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары жоспарланып, толығымен егілді.
Атап айтқанда, күздік бидай – 1050 га, арпа – 1500 га, дәндік жүгері –2850 га, маш – 677 га, мақта – 15 259 га, ескі жоңышқа – 16 614 га, жаңа жоңышқа – 4160 га, сүрлемдік жүгері – 4119 га, картоп – 250 га, көкөніс – 600 га, бақша – 9227 га, күріш – 1094 га, күнбағыс – 400 га егілді.
Қазірге дейін егілген 1050 га күздік бидайдан 3255 тонна, егілген 1500 га арпадан 4360 тонна өнім жиналды.
Сондай-ақ, жоңышқа, дала шөптерінен 205 850 тонна мал азығы дайындалды. 90 880 тонна бақша өнімдері, 5400 тонна көкөніс, 215 тонна картоп жиналды.
Өнім жинау жұмыстары жалғасуда.
Аудандық ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімі.